- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта инновация мен ғылыми қамтымды экономика мәселелері талқыланды
Сенатта инновация мен ғылыми қамтымды экономика мәселелері талқыланды
«Ғылымға негізделген экономиканы құру үшін ең алдымен қазақстандық ғылымның әлеуетін ұлғайту қажет. Президенттің тапсырмасы бойынша ғылымды қаржыландыру ұлғаяды, ол нақты жаңалықтар мен инновацияларды, технологиялар трансферттері мен шетелдік инвестиялардың келуін ынтыландырады. Парламент венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобалары топтамаларын қарауды жоспарлап отыр», - деді Қ.Тоқаев.
Отырыста ғылымды ұйымдастырудың жаңа түрі ретінде зерттеу университеттерін дамыту, мамандар даярлау және ғылыми нәтижелерді енгізуге ерекше назар аударылды, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Сенат Төрағасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы инновациялық дамудың жаңа стратегиясын ұсынғанын атап өтті. «Ол шетелдік технологиялар мен ұлттық ғылыми-техникалық ресурстарды оңтайлы үйлестіруді қамтамасыз етуге лайық қалыптастырылуы тиіс», - деді ол.
Отырысқа қатысушылар назарына «Назарбаев Университеті» АҚ-ның халықаралық деңгейдегі қазіргі заманғы зерттеу университетін құру жөніндегі тәжірибесі жария етілді. Қазіргі кезде бұл үлгі бойынша Қазақстанда басқа зерттеу университеттерін дамыту жоспарланып отыр.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді