ШҚО әкімі туризм саласының еңбек нарығына сараптама жасауды тапсырды

17 Мамыр, 2014 10:58
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының туризм индустриясы бағыттарын дамыту бағдарламасы аясындағы турзмнің шеберлік сыныбын (жол картасы) іске асыру мәселесі талқыланды.

Жиын барысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев туризм мамандығының салалары бойынша білім алған түлектердің еңбек нарығындағы сұранысына сараптама жасауды тапсырды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Айта кету керек, қазіргі таңда қалалар мен аудандарда туризм индустриясын дамыту саласындағы отандық мамандардың тапшылығы сезіліп отыр. ШҚО-ға кәсіпкерлік бөлімдерінде туризмді дамыту қызметі берілгенімен, Риддер қаласында, Ұлан, зайзаң, Бородулихинский мен Глубоковский аудандарында мамандар жетіспейді.  

Сол себепті туристік салада білікті мамандарды дайындау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде, деп  әкімдікте хабарлады.

Тағы бір себеп ШҚО туризмінің даму қарқыны көңіл толарлықтай деңгейде. 2010 жылмен салыстрғанда өңірге дем алу үшін баратын қонақтардың саны 2013 жылы 28,8%-ға артқан.

Өткен жылы облыста 277 туризм нысаны тіркелген. Олар 3,2 млрд теңге көлеміндегі қызмет түрлерін көрсетіп, сонымен қатар 32 жаңа туризм нысаны қосылған.

Хабарламада айтылғандай, 2014 жылы демалыс-қонақ үй кешендері, Үржар ауданында демалыс орны құрылысы, «Нұртау» тау-шаңғы базасының жөндеу жұмыстары мен «Алтай Альпісі» базасын жаңғырту жұмыстары жоспарланған. 

Барлық жаңалықтар