- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқының саны 60 мыңға артты (ФОТО)
Қазақстан халқының саны 60 мыңға артты (ФОТО)
«Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы айтатын болсақ, 2014 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша алғашқы үш айда еліміздің халық саны 17 млн 221,1 мың адамды құрады. Оның 55% қала, 45% ауыл тұрғындары. 2014 жылдың қаңтар-наурыз аралығында халық саны 60,3 мың адамға немесе 0,4% артты. Өткен жылы дәл осы кезеңде халық саны 251,5 адамға немес 1,5%-ға ғана артқан еді», - деді сөз басында А. Смайылов.
Сонымен бірге, ол биылғы жылдың алғашқы үш айында азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары 93 мың бала туылуын тіркеген. Бұл көрсеткіш 2013 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға жоғары. Ал, 1000 адамға бала туудың жалпы коэффициенті 21,78 құрады.
«Үш айда қайтыс болғандар саны 33,3 мың адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға аз. Ал, 1000 адамға қайтыс болғандардың жалпы коэффициенті 7,82 көрсетті. 2014 жылдың қаңтар-наурыз аралығында халық санының табиғи 2,7 мың адамды немесе 4,8% көрсетті. Табиғи өсімнің 1000 адамға шаққандағы жалпы коэффициенті 13,96 жетті», - деді ол.
Агенттік басшысы 1 жаса дейінгі бала өлімі жайлы статистика мәліметімен бөлісті. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың алғашқы үш айында 1050-ге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 8,7%-ға төмендегені байқалған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты