АЭФ аясында жаһандық даму тренді панельдік сессиясы өтеді

16 Мамыр, 2014 19:08
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Экономика институты алдағы VII Астаналық экономикалық форум аясында «XXI ғасырдың он жаһандық мәселелері шарттарындағы Қазақстан - 2050» тақырыбында панельдік сессия өткізеді.

Берілген сессияны өткізудің мақсаты Қазақстанның ұзақ мерзімді даму мәселелері мен болашағын, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы  XXI ғасырдың он жаһандық мәселелерін тойтару жолдарын  және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Қазақстан-2050» стратегиясы  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауларында қойған міндеттерді жүзеге асыру мәселелерін талқылау болып табылады.

Панельдік сессия жұмысы барысында жаһандық дамудың негізгі трендтері және жаһандық даму мәселелері,жаңа экономикадағы адам капиталы, жаһандық технологиялық кеңістік және ұлттық экономиканың инновациялық дамуы:мәселелері және болашағы,  «Қазақстан-2050» және сыртқы саясат: экономикалық прагматизмге алған бағыт сынды шешуші мәселелер қарастырылады.

Сессия жұмысына жетекші қазақстандық және шет елдік ғалым-экономистер, сарапшылар қатысады.

Барлық жаңалықтар