- Басты
- Жаңалықтар
- Магистранттар мен докторанттар жаңа бағдарлама бойынша оқытылады - БҒМ
Магистранттар мен докторанттар жаңа бағдарлама бойынша оқытылады - БҒМ
«Бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі оқу орындарының зерттеу әлеуетін арттыру болып табылады. Назарбаев Университетінің үлгісі бойынша Қазақстанның 3 жоғарғы оқу орнында және 10-нан астам ірі ғылыми орталықтар жаңа ғылыми және оқытатын бағдарламаларын жасақтауда. Ал, олар бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 1262 магистрант, 532 докторант оқытыла бастайды. Жалпы, соңғы жылдары білікті мамандарды даярлауға қыруар қаржы жұмсалуда. Тек 2014 жылдың өзінде 1,5 трлн. теңгеге жуық қаражат бөлінген», - деді А. Сәрінжіпов.
Сонымен қатар, ведомство басшысы экономика үшін мамандарды даярлауда «Болашақ» бағдарламасының үлесінде атап өтті. Оның айтуынша, 2014-2017 жылдар аралығында 3598 түлек оқытылады. Олардың 1146 өз бетімен түскендер, бұл азаматтар жұмысқа орналасу үшін де жүгіретін болады. Ал, 2452 білімгер жұмысқа орналасуы кепілдендірілген бағдарламалық-әдістеме бойынша білім алып жатқандар.
Айта кетерлік жайт, ағымдағы жылы ҮИИД МБ екінші бес жылдығына ҚР ИЖТМ және ұлттық компаниялардың тапсырысымен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде мамандарды даярлау басталады.
Жалпы министрілің айтуынша, биыл ҚР «Білім туралы» заңына өзгертулер мен қосымшалар енгізу көзделген. Нәтижесінде, жоғары білім мен ТжКБ саласының жаңа заңнамалық және қаржылай жүйесі қалыптасады.
Камила Амирова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды