ASTEX-2014 аясында электрондық қызметтер бойынша семинарлар өтеді

16 Мамыр, 2014 18:35
Астанада мамырдың 19-20 күндері өтетін ASTEX-2014 көрме-конференциясы электрондық коммерцияға арналады.

Шара барысында бизнес ашуда  және жүргізуде  электрондық үкіметтің мүмкіндіктерін пайдалану туралы тегін семинарлар  ұйымдастырылады, деп ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінде хабарлады.

Бұл семинарлар  бизнесін жүргізіп жатқан  білікті  кәсіпкерлермен қатар  өз ісін ашуға ниет білдірушілер үшін де қызықты болмақ.

Қатысушыларға  кәсіпорынды  интернет  арқылы  бір күннің  ішінде  тіркеу  жолдары,  қолға  алған  кәсіпті жүргізу  үшін  қандай  лицензиялар қажет екендігі және оны электрондық портал арқылы қалай алуға болатындығы, мемлекеттік сатып алу порталы дегеніміз не, салық төлеуші  кабинеті арқылы есеп тапсыруды қалай жүзеге асыру әдістері  үйретіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,  өз бизнесін ашуды жоспарлаған  көптеген азаматтарды, ең бірінші қағазбастылық, есептілік  ресімдеудің қиындығы  және басқа да проблемалар ойландырады. Электрондық үкімет -  осыған ұқсас әкімшілік рәсімдерді барынша  жеңілдететін  құрал.  ал ASTEX аясында ұйымдастырылатын  арнайы  семинарларда  жоғарыда  аталған мәселелер бойынша  толық ақпарат берілетін болады. 

Ашық  деректер және электрондық қолтаңбаны қолдануға  қатысты  ұйымдастырылған семинарлар  бизнес-процестерді  дамытқысы және оңтайландырғысы келетін кәсіпкерлер үшін  пайдалы болмақ.  Бұл ретте қатысушыларға жұмыс барысында осы құралдарды қалай пайдалану керектігі көрнекті мысалдар арқылы көрсетіліп, егжей-тегжейлі  түсіндіріледі.

Кеңесшілердің айтуына  қарағанда, олардың негізгі міндеті - жұмыс тиімділігін арттыру  үшін  қатысушыларға  электрондық үкіметтің барлық мүмкіндіктерін толық қолданып кетуіне  көмектесу. 

Семинарға  тілек  білдірушілердің барлығы қатыса алады.

 

Барлық жаңалықтар