- Басты
- Жаңалықтар
- Мектеп бітірушілер «Сенің таңдауың» жобасы арқылы қалаған мамандығын таңдай алады
Мектеп бітірушілер «Сенің таңдауың» жобасы арқылы қалаған мамандығын таңдай алады
Аталған жоба аясында елордалық мектеп оқушылары қаланың өндіріс орындарымен танысып, оларға жоғары және орта оқу орындарына түсу талаптары мен одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылады.
Статистика бойынша, Астанадағы жоғары және орта оқу орындарында оқитындардың шамамен 79%-ы гуманитарлық, ал 21%-ы ғана техникалық білім алады. Сонымен қатар, қала нарығында техникалық мамандарға сұраныс 75%-ға жетіп отыр. Ал бос орындардың төрттен бір бөлігі ғана гуманитарлық сала мамандарына тиесілі.
Жобаны ұйымдастырушылардың пікірінше, оқушылар мамандықтардың көпқырлылығымен танысуға, әртүрлі мамандықтардың қыры мен сырын үйренуге, мамандардың жұмыс орындарын көруге мүмкіндік алады, сонымен қатар, кәсіпқой мамандармен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сөйлесе алады.
«Сенің таңдауың!» жобасы биылғы жылдың 4 сәуірінде басталды. Енді бір ай бойы 20 000-ға тарта жоғары сынып оқушысы қаланың ірі кәсіпорындарымен танысады. Олардың қатарында «Целингидромаш» ӨК, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Астана локомотив сервис орталығы» АҚ, «Астана Полиграфия» АҚ, «Целинная» жеңсік тағамдар фабрикасы» ЖШС, «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындар бар, - дейді шараны ұйымдастырушылар.
«Сенің таңдауың!» жобасы Астанада жылдың аяғына дейін жалғасады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады