• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік басқару академиясы мен ENM ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Мемлекеттік басқару академиясы мен ENM ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

16 Мамыр, 2014 19:48
Бүгін Ұлттық әділеттілік мектебінің делегациясы (Ecole Nationale de la Magistrature, ENM) ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жұмыс сапарымен келді.

ENM Халықаралық департаменті директоры  Изабель Пуансоның  басшылығымен келген делегация оқу-әдістемелік жұмыспен, Академияның материалды-техникалық базасымен және профессорлық құраммен  танысты.

Сапар аясында делегация мүшелері Академия ректоры Болатбек Әбдірасыловпен келіссөздер жүргізді.

Кездесу қорытындысы бойынша екі ұйым арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп ҚР Мемлекеттік басқару академиясында хабарлады.

Құжат қазыларды оқыту жүйесінің тереңдігі мен сот корпусын дайындау бойынша бағдарламалар жасауға, оқыту тренингтерін өткізуге, ғылыми сараптама нәтижелерімен бөлісуге бағытталған.

Айта кетерлігі, екі оқыту мекемесі арасындағы жағдай тұрақты, Мембасқару академиясының магистранттары жыл сайын ENM шетелдік тәжірибелер өтеді.

Барлық жаңалықтар