- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет кадр қажеттілігін анықтаудың жаңа әдістемесін қабылдайды
Үкімет кадр қажеттілігін анықтаудың жаңа әдістемесін қабылдайды
«Қазіргі таңда Үкімет тарапынан экономика салалары бойынша еңбек ресурстарына сұранысты жан-жақты зерттеу жұмыстары жүруде. Маман дайындау жүйесін ары қарай жаңғырту барлық қатысушы субъектілердің өзара байланысы кезінде еңбек нарығы қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады. Бірінші кезекте атқарылатын дүние жұмыс беруші мен білім беру жүйесі жетекшілік ететін сабақтарды жіктеуді жетілдіру болып табылады. Жаңа классификатор классификация деңгейі бойынша кәсіптерді бөлу мен салалық белгілері бойынша сабақтарды бөлуді қарастырады. Аталмыш классификатор Үкімет тарапынан жыл соңына дейін қабылданады», - дейді Г.Әбдіхалықова.
Сонымен қатар, оның айтуынша,маман дайындау жүйесінің жаңа элементі ретінде білім беру мен кәсіпкерлік арасындағы байланыс арналары, кәсіби стандарттар жұмыс істемек.
«Аталмыш стандарттар барлық кәсіп бойынша жеткілікті білім, қабілет мен құзірет арқылы анықталады. Соның негізінде жаңа білім беру бағдарламалары дайындалатын және жаңартылатын болады», - деді ол.
Г.Әбдіхалықованың айтуынша, нақты кәсіптер қорындағы кадр қажеттілігін анықтау мен болжау жүйесін енгізу шын мәнісіндегі еңбек нарығына қарай ыңғайлануға мүмкіндік бермек. Жаңа әдістеме биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында қабылданады.
Камила Амирова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр