- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық медбикелердің өзін-өзі бағалауын арттыру қажет - Миндаугас Паулюкас
Қазақстандық медбикелердің өзін-өзі бағалауын арттыру қажет - Миндаугас Паулюкас
«Біз медициналық қызметкерлердің өздеріне деген сенімділігін арттыруға көп мән берудеміз. Өзін-өзі жоғары бағалай білу пациенттерді емдеу мен медицина саласындағы медбикелердің маңызын арттыра түспек. Литвада медбикелер дәрігерлерімен теңесуге тырысып, өз жұмыстарының маңыздылығын көрсетеді», - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, Литва денсаулық сақтау саласында медбикелерге қойылатын талап – жақсы басқарушы бола білу.
«Дәрігерлер мен медбиклердің қоян-қолтық жұмыс істеуінің маңыздылығын түсінеміз. Литвада осы тұрғыда айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Осы жолдан біз әлі де айнымай келеміз. Өйткені бұл денсаулық сақтау саласын жетілдіруге ұтымды жол. Сонымен қатар, батыс елдерінен де аларымыз көп, олардың тәжірибелеріне сүйенміз. Мысалға, бізде сіздердің медбикелеріңізбен өзара байланыс құрылған. Екі ел қызметкерлері жиі тәжірибе алмасып отырады», - дейді М.Паулюкас.
«Жоспар деген жетеді. Медбике қызметінде біз қазір ақпараттық технологияға басымдылық берудеміз. Осы орайда қағазбастылықтан арылып, басқарушылық қабілеттерді арттыруға ден қойдық. Өйткені медбике дегеніңіз жақсы басқарушы бола білуі керек», - деді ол.
Сонымен қатар, М.Паулюкас қазақстандық медбикелердің жұмысы туралы ойымен де бөлісе кетті.
«Мен сіздердің ауруханаларыңызда жатқан емеспін. Алайда менің көргендерім өзіме ұнады. Мен Алматыдағы ауруханалардың біріне барып, дәрігерлер мен медбикелердің жұмысымен таныстым. Менің назарымды аударған басты нәрселердің бірі сіздердің медбикелеріңіздің жаңалыққа құмарлығы мен алға қарай ұмтылуы. Олар жоғары білім алуға құлшынып тұр. Бізде медбиклердің 15 пайызында жоғары білім бар», - дейді М.Паулюкас.
Мадина Нұрбекова
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет