- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі 50 жастан асқан тұлғаларды жұмыспен қамтудың кешендік жоспарын бекітті
ҚР Үкіметі 50 жастан асқан тұлғаларды жұмыспен қамтудың кешендік жоспарын бекітті
30 Сәуір, 2013 00:00
Бүгін ҚР Үкіметі 50 жастан асқан тұлғаларды жұмыспен қамтудың Кешендік жоспары (Инициатива 50+) қабылдады, оны ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі республиканың зейнетақы жүйесін жетілдіру шеңберінде жасаған.
Аталған жоспар бүгінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құруды қарастырады.
Атап айтқанда, ол Үдемелі индустриялды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына әйелдердің көптеп қатысуын, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде 50 жастан асқан тұлғалар арасында кәсіпкерлікті ынталандыруды қарастырады.
Сонымен қатар, жеке қосалқы шаруашылықты дамыту мақсатында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасымен мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және шығарылатын өнімді қайта өңдеу бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
Бұдан өзге, жаңа «Агробизнес - 2020» бағдарламасы бойынша егде жастағы фермерлердің қаржылай ресурстарға және жаңа технологияларға қолжетімділікті кеңейту белгіленген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов айтып кеткендей, «жұмыспен қамтудың арақашықтық формаларын пайдаланумен егде жастағы адамдарды жұмыспен қамтуға көмек бойынша шаралар, ауыл кооперативтерін және отбасылық фермалар құру қарастырылған».
Айта кету керек, 50 жастан асқан тұлғаларды еңбекпен қамту үшін жұмыс орындарын үлестеу бойынша еуропалық тәжірибені енгізу, кәсіби даярлау мен қайта даярлау, бюджеттік мекемелерде және мемлекттің қатысуы бар кәсіпорындарда жұмыс жасайтын осы жас категориясындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру қарастырылған.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды