- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мейіргерлер қызметін дамыту Тұжырымдамасы мақұлданды
Астанада мейіргерлер қызметін дамыту Тұжырымдамасы мақұлданды
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі конференцияда Қазақстандағы мейірбике ісін дамытуға арналған және халықаралық деңгейге негізделген іс-шараларды жалғастыру қарары қабылданады.
«Қазақстан үшін мейіргерлер қызметін дамыту осы саладағы барлық білім беру деңгейінің дамуын білдіреді. Сонымен қатар, ол тәжірибеге білім деңгейіне сәйкес қызметіне байланысты мейіргерлер қызметі мамандарының институтын енгізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде медициналық ұйымдарда тең құқылы дәрігерлік және мейіргерлік құрылымдар, менеджмент жүйесі дамиды. Сондай-ақ, мейіргерлік қызметтің мамандарын және олардың құжаттарын тіркеу, мейіргерлік инновациялық технологиялырды енгізу ісі де алға баса бермек», - делінген қарарда.
Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда Қазақстанда 150 мыңнан астам медбикелер еңбек етуде. Ал, мамандарды даярлауда 25 мемлекеттік және 40 жекеменшік медициналық колледждер тер төгуде.
«Соңғы жылдары жергілікті жұрттың денсулығына қатысты көрсеткіштердің жақсарғаны байқалуда. Болжам бойынша өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін көтеріледі. Қуаныштысы сол, соңғы 3 жылда ана өлімі 3 есе, сәби өлімі 25%-ға қысқарды», - деп Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова алғы сөзінде ағынан жарылды.
Сондай-ақ, ведомство басшысы отбасылық тәжірибені дамыту бойынша шаралар әлі де қабылданып жатқанын тілге тиек етті.
Министрдің мәліметі бойынша, алғашқы нәтиже үшін ынталандыруы бар жаңа қаржыландыру жүйесі енгізілген.
Мадина Нұрбекова
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет