- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мейіргер қызметінің рөлі талқылануда
Астанада мейіргер қызметінің рөлі талқылануда
«Бүгінгі шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы мейіргерлік қызметтің күні тәртібіндегі мәселелерін талқылау болып табылады. Мейіргерлік қызмет бүгінгі таңда денсаулық сақтаудың негізгі саласының бірі екенін атқарылып жатқан шаралар дәлелдеп отыр. Бұл саланың мамандары базалық кәсіби-техникалық оқытудан өтіп, сонымен қатар бакалавриат, магистратура мен доктарантура деңгейлерін де алып жатыр. Денсаулық сақтау саласы ілгері кеткен дамыған мемлекеттерде жоғарғы білімді медбикелердің үлесі 50-60 пайызға дейін жетеді», - дейді ҚР ДСМ медициналық көмек ұйымы департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.
Конференцияда Қазақстандағы мейіргерлік қызметке арналған баяндамалар оқылып, Финляндия, Литвадан келген мамандар мен үкіметтік емес ұйымдардың, медбикелік қызмет саласындағы медициналық қауымдастық өкілдері сөз сөйлейді.
Қазіргі таңда Қазақстан үшін МСАК жетілдіру денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі болып отыр.
Айта кету керек, конференция аясында республикада мейіргерлік қызмет мамандарына арналған жергілікті деңгейдегі кәсіби курстар, дөңгелек үстелдер, «2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында мейіргерлік қызметті дамыту тұжырымдамасы» жобасын талқылау бойынша семинарлар, тренингтер және ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.
Конференция жұмысында Қазақстанда халықаралық деңгейдегі медбикелік қызметті дамыту бойынша қабылдануы қажет шараларға бастау болатын қарар қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елімізде 150 мыңнан астам орта деңгейдегі медициналық қызметкер жұмыс істеуде. Мамандарды дайындаумен 28 мемлекеттік және 40 жеке меншік медициналық оқу орындары айналысуда.
Мадина Нұрбекова
Фото-Азамат Алиев
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
АХҚО-ның Қазақстан экономикасына инвестиция тартудағы рөлі -
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес сектордың рөлі -
Дін көшбасшыларының тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі қандай -
Тәуелсіздік жылдарындағы мәслихат рөлі: Мәслихаттар саяси институт ретінде қалыптасты ма -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Е.Тұрғымбаев: ІІМ қызметінің 83 пайызы электронды форматқа көшірілген -
Жеке меншік және шағын БАҚ-тың қоғамдағы рөлі ерекше – А.Балаева -
Түркістан және Кентау қалаларында кірме жолдарды ұсыну қызметінің тарифі төмендетілді -
А. Садырбай митингілердегі журналистердің рөлі туралы айтты