- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Жақыпов: Техникалық мамандар санының көптігі емес, сапасының артқандығы маңызды
Қ. Жақыпов: Техникалық мамандар санының көптігі емес, сапасының артқандығы маңызды
Қабиболла Жақыпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясында білім, кадрларды дайындау, қайта даярлау мәселелерін дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы басым бағыттардың бірі ретінде белгілегенін атап өтті, деп ҚР Парламенті Мәжілісінде хабарлады.
Осы ретте Мәжіліс Спикері тәуелсіздік алған уақыт ішінде әсіресе, білім саласында ауқымды жұмыстардың қолға алынғанына айрықша назар аударды. Айталық, білім құрылымы білім сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесі әзірленді.
Астанада «Назарбаев Университеті» шаңырақ көтеріп, бүгінгі күні Қазақстан жоғарғы білімінің ұлттық брендіне айналды. Аталған салаға жұмсалған қаржылық шығын соңғы 15 жылда бірнеше есеге ұлғайып, 2014-жылы 400 млрд. теңгеге дейін жетті.
Бүкіләлемдік экономикалық форум мәліметтері бойынша 2013-жылы қазақстандық еңбек нарығы айтарлықтай жоғары 21-ші орынға тұрақтады. Алайда, біршама көрсеткіштер бойынша біздің еліміздің рейтингісі төмендеу: мысалы кәсіби басқару - 116-шы орын; штаттық қызметкерлер құрамын қайта дайындау қолжетімділігі - 96 орын; еңбек және жұмысберуші қауымдастығы - 78 орын.
"Бүгінгі күні біздің отандық еңбек нарығы жай кадрға емес, жоғары кәсіби маманға зәру»,-деп атап өтті Мәжіліс Спикері.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда