ЕЭК асыл тастар экспортының тәртібін өзгертуде

16 Мамыр, 2014 10:27
Осыған дейін табиғи алмасты экспорттаушылар асыл тастарды үшінші елдерге экспорттамай тұрып, Кедендік одақ аумағында сатуға қоюға міндетті болатын. ЕЭК алқасы 15 мамырда бұл ереженің күшін жойды, деп Еуразиялық экономикалық коммиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

Еуразиялық экономикалық комиссия отырысында Кедендік одақтан (КО) тыс жерге табиғи алмастарды шығару кезінде экспорттаушылар үшін ережелер өзгерту туралы шешім қабылдады.

Бүгінде өндірушілер ЕЭК сайтында ұсынысты жариялап, КО елдерінің ішкі нарығында өткізу үшін топтама ұсынуға міндетті. Және жариялаған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсыныс болмаса, топтаманы шетелге сатуға құқылы.

«Аталған шара табиғи алмастарды экспорттау кезінде әкімшілік артық тосқауылдарды алып тастауға, келісім міндеттемелерін орындау мерзімдерін қысқартуға және шетелдік өндірушілермен теңбе-тең бәсекелестік жүргізуге мүмкіндік береді», - деді  ЕЭК сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Барлық жаңалықтар