Б.Қасымбеков КО аясындағы экспорттың өсімі туралы айтты

16 Мамыр, 2014 10:13
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасы Бақтыбай Қасымов КО аясындағы экспорттың өсімі туралы айтты.

«Экотон Батыс» ЖШС зауыты салмақ түсетін, салмақ түспейтін, ішкі және бөлме қабырғалары құрылысына арналған 9 түрлі өнім өндіреді. 2011 жылдан бері компания Ресей Федерациясына газ бетонын сатып келе жатыр. Жалпы, РФ-ға экспорт 2013 жылы 2,2 млн теңгені құраса, 2014 жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 1,2 млн теңгеге жетті», - дейді Б.Қасымбеков.

Сонымен қатар, ол Huyndai маркалы жүк көліктерін шығаратын «Hyundai Commercial Vehicle Manufacturing» ЖШС мысалға келтірді.

«Кәсіпкерлік 2011 жылы Беларуське 4 көлік түрін экспорттай бастады. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 460 автокөлік түріне дейін жетсе, 2014 жылы 510 көлік түрін сату жоспарланған», - дейді комитет төрағасы.

2013 жылы компания экспорт көлемінің 70 пайыздық көрсеткішіне қарамастан 10,5 млн доллар көлемінде экспорт жасады. Компания экспортындағы Кедендік одақ үлесі жалпы тауардың 90%-ын құрайды.

Барлық жаңалықтар