- Басты
- Жаңалықтар
- СІМ-де Бірлескен бақылау тобының кезекті отырысы өтті
СІМ-де Бірлескен бақылау тобының кезекті отырысы өтті
Іс-шара Қазақстан Республикасының төрағалығымен ағымдағы жылдың 12-16 мамыр кезінде Астанада өткізіліп жатқан Бірлескен бақылау тобының (ББТ) 30-шы мерейтойлық сессиясы шеңберінде өтті, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
Айта кетейік, Бірлескен бақылау тобы (ББТ) 1996 жылғы 26 сәуірде Шанхай қаласында қол қойылған Шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы (Шанхай келісімі) және 1997 жылғы 24 сәуірдегі Мәскеу қаласында қол қойылған Шекара ауданындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы (Мәскеу келісімі) Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы келісімдерді іске асыру бойынша жұмыс органы болып табылады.
ҚР Сыртқы істер министрлігі атынан сөз сөйлеген СІМ басшысының орынбасары Ержан Ашықбаев аталған келісімдер бірқатар мемлекеттердің шекарасы аумағында өзара сенім мен ынтымақтастық атмосферасын нығайтуға жол ашқан азиялық континенттегі өз түріндегі алғашқы әскери-саяси құжат болып табылады деп атап өтті.
«Уақыт «Шанхайлық бестік» тетігін құруға заңды негіз болған аталған құжаттардың тарихи маңыздылығын дәлелдеді. Бестік болса, өз кезегінде толықтай заңдылық жүзінде көппрофильді ықпалдастықтың беделді халықаралық құрылымы – Шанхай ынтымақтастығы ұйымына айналды», - деп мәлімдеді ол.
Сессия барысында дипломатиялық және әскери сарапшылар Шанхай және Мәскеу Келісімдерінің ережелерін ББТ-ның 29-шы сессиясынан кейін және алдағы уақытта Тараптармен орындалу мәселелерін талқылап, ағымдағы жылда өзара инспекциялау өткізу мәселелерін келісті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті