- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев ОҚО кәсіпкерлерімен кездесті
Н. Назарбаев ОҚО кәсіпкерлерімен кездесті
Ақордада хабарлағандай, көрме орталығында Мемлекет басшысы Шымкент қаласының жаңа әкімшілік орталығы құрылысының жобасымен, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындар тауарларының өңірлік көрмесіне қойылған өнімдермен танысты.
Кәсіпкерлермен кездесу барысында Қазақстан Президенті өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң сипатын атап өтті.
«Қалада да, облыста да көп жұмыс істеліп жатыр. Өңірдегі тауар өнімділігінің қарқыны өте жақсы. Ол 3 жыл ішінде екі есе өсті. Облыста ауыл шаруашылығын дамыту үшін айтарлықтай әлеует және қолайлы климаттық жағдай бар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті, соның ішінде өндірістік секторды дамытуда ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты.
Бұған қоса, Қазақстан Президенті облыс аумағы арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік жолы, теміржол және құбыр магистральдерін қамтитын дамыған көлік жүйесі бизнеске қосымша жағдайлар тудыратынын атап өтті.
«Барлық трассаның бойында осы ірі магистральдерге қызмет көрсететін шағын және орта кәсіпорындар пайда болуы керек. Қазіргі міндет Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүктер мөлшерін соңғы жылдарда екі есе ұлғайту жөнінде болып отыр», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев өңірде денсаулық сақтау саласының жақсара түскенін атап өтті.
«Облыстың әлеуметтік нысандарын дамытуға көп қаражат бөлінуде. Мемлекеттің денсаулық сақтау саласына үлкен қамқорлығы арқасында Оңтүстік Қазақстан халқының өмір жасы 3 жылға ұзарып, 71 жасқа жетті. Бұл – ең басты жетістік. Ана мен бала өлімі күрт азайды», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі бірқатар проблемаларға, атап айтқанда, кейбір жаңа өндірістердің тоқтап қалуы мен мектептердегі орын жетіспеушілігі мәселелеріне тоқталды.
Кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады