- Басты
- Жаңалықтар
- Р. Сұлтанов: Интеграция - ол мақсатқа жету құралы
Р. Сұлтанов: Интеграция - ол мақсатқа жету құралы
«Жасыратыны жоқ, бүгінде КО аумағында еркін тауар айналымы және жалпы сыртқы сауда саясаты өзінің оң нәтижесін беруде. Мәселен, 2013 жылы Қазақстанның Ресеймен және Беларусиямен тауар айналымы 2009 жылғы яғни, «интеграцияға дейінгі» жағдай бойынша 87,6% артып, 24,2 млрд. долл. құрады. Сонымен қатар, Қазақстандық экспорт динамикасын да атап өтпекшімін. Ол 3 жылда 64%-ға өсті. Ал, ақшалай айтатын болсақ, 5,9 млрд. долл. жетті. Айта кетерлік жайт, қазіргі таңда өңдеу өнеркәсіптерінің жоғары қосымша құн қосылған тауарлары өсім беруде. Олардың отандық экспорттағы үлесі 55% көрсеттіп отыр», - деді Р. Сұлтанов.
Сонымен қатар, ол, кондитерлік өнімдердің экспорты 4 жылдың ішінде 9 есе артып, 35 млн. долл. астам қаражатты құраса, макарон өнімдері - 60%, күріш - 5 есе көбейгенін тілге тиек етті.
«Сондай-ақ, сусындар, автомобиль техникасы, құбырлар, трансформаторлар, конденсаторлар мен тұтынушылар және кәсіпорындар үшін қажетті өзгеде тауарлардың экспорты артты. Ал, бүгіннің өзінде шекарадағы кедендік бақылауды алып тастау бизнес үшін әкімшілік салмақты алып тастады», - деп Р. Сұлтанов ағынан жарылды.
Сонымен қатар, ол, аталмыш келісімге қол қойылғаны Қазақстанға және Қазақстаннан еңбек миграциясының азын аулақ артқаны байқалуда, деп хабарлады.
«Тобықтай сөздің түйіні интеграция мақсат емес, ол мақсатқа жету құралы ғана», - деп Р. Сұлтанов өз ойын түйді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады