- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК табиғи алмастар экспортының ережелерін өзгертті
ЕЭК табиғи алмастар экспортының ережелерін өзгертті
«Бүгін өндірушілер ЕЭК сайтында ұсынысты жариялап, КО елдерінің ішкі нарығында өткізу үшін топтама ұсынуға міндетті. Және жариялаған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсыныс болмаса, топтаманы шетелге сатуға құқылы», - делінген хабарламада.
Хабарламада атап өтілгендей, бұған дейін табиғи алмасты экспорттаушылар асыл тастарды үшінші елдерге экспорттамай тұрып, Кедендік одақ аумағында сатуға қоюға міндетті болатын. ЕЭК алқасы 15 мамырда бұл ереженің күшін жойды.
«Аталған шара табиғи алмастарды экспорттау кезінде әкімшілік артық тосқауылдарды алып тастауға, келісім міндеттемелерін орындау мерзімдерін қысқартуға және шетелдік өндірушілермен теңбе-тең бәсекелестік жүргізуге мүмкіндік береді», - деп баспасөз қызметі ЕЭК сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің сөзін келтірді.
Айта кету керек, ЕЭК Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы Президенттерінің шешімімен 2011 жылдың соңында құрылған болатын. Ондағы мақсат Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің бірыңғай тұрақты реттеуші органы ретінді жұмыс істеу. Бүгінде оның құрамына өзге де мемлекеттерді қосу мүмкіндігімен Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы енеді.
ЕЭК басты міндеттемесі Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікті дамыту мен қызметіне жағдай жасау және интеграцияның ары қарай даму ұсыныстарын дайындау болып табылады.
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
2020 жыл несімен есте қалмақ: Коронавирус біздің өмірімізді қалай өзгертті -
Алматыда шеткі аудандардағы тұрғын үйді гaздaндыру мәселесi қaлай шешіліп жатыр. Несие қалай беріледі -
Тоқаев табиғи демалыс орындарындағы мәдениетсіздікке пікір білдірді -
Мәжілісте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заң жобасы талқыланды -
Түркістанда екі отбасына табиғи газды тегін қосып берді -
Е.Досаев: Коронавирустың әлемдік экономикаға әсері жағдайды күрт өзгертті -
Түркістанда тұрғын үйлер табиғи газға қосылды -
Жастар жылы: "Жас кәсіпкер" жобасы өмірімді түбегейлі өзгертті -
Ә.Смайылов ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты -
Үлкен Еуразияда жаңа ойын ережелерін анықтау қажет – Н.Назарбаев -
Қарағандылық шаруалар ет экспортының әлеуетін арттырады