Болашаққа нық қадаммен

15 Мамыр, 2014 15:55
Жақында ғана М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де дәріс оқыған Нұрсұлтан Назарбаев ЕАО алдағы жақын 15-20 жылға дамыту басымдықтарын айтып берді.

Басымдықтардың бірі  - ұлттық экономикада және күллі еуразиялық кеңістікте  инновациялық техникалық ашулар болуы үшін базалық жағдайды жасау болып табылады. Сондықтанда біз  2025 жылдарға дейін еуразиялық инновациялы-техникалық қарым қатынас туралы бағдарламаны жасақтап, қабылдауымыз керек. Оның үстіне, Назарбаевтың ойластыруы бойынша ЕАО Еуразия масштабында жалпыконтиненталды инфрақұрылымның жетекші буыны болуы тиіс.

Бұл мақсатта мына жобаларды жүзеге асырған жөн. Бірыңғай еуразиялық телекоммуникация желісін құру, Минск - Мәскеу - Астана - Алматы бағыты бойынша жедел жүретін жүрдек пойызының магистралын салу, қолданыстағы автомобиль және теміржол желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде еуропалық, қытайлық көлік желісіне шығатындарға ерекше ден қойған абзал. Сонымен қатар, «Еуразия»: «Каспий - Қара теңіз» жобасын жүзеге асыру қажет.

Қазақстан, Ресей, Беларуссияның президенттері 29 мамырда Еуразиялық  одақ туралы келісімге қол қояды. Ал, жақында ғана Президент  Нұрсұлтан Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы ММУ оқыған лекциясымен посткеңестік кеңістіктегі еліміздің беделін тағы бір айқындап берді.

Басқа басқа емес, дәл ММУ-де Қазақстан Президенті алғаш рет Еуразиялық экономикалық  одақ құру туралы идеясымен бөліскен болатын. Содан бері 20 жыл өтіп, осы уақыт аралығында Назарбаевтың ұсынысының іске асырылуына алғышарттары қалыптасты. Қазақстан Президентінің өзі бұл ойдың еш уақытта шындықтан алшақтамағанына сенімді. Екінші жағынан бұл бастаманың қазіргі таңда көтеріліп отыруы уақыттың еншісіндегі шаруа еді.

Ол үшін айтарлықтау уақыттың керектігін де Н.Назарбаев көре білді. 1994 жылдың көктемінде көптеген саясаткерлер ТМД ұйымының өміршеңдігіне күмәнмен қарап, оны таратып, орнына барынша тиімді экономикалық одақ құру қажеттігін алға тартты. Назарбаевтың айтуынша, ЕАО ешқашан да КСРО-ның сарқыншағы болмақ емес. Бұл керісінше Еуроодақ үлгісіндегі ұйымға айналмақ.

 «Еуропаға кедендік одақ құру үшін 11 жыл қажет болды. Кейін ортақ нарық құру үшін 34 жыл кетті. Ал экономикалық және қаржылық одақ құру 40 жылда жүзеге асты», - деді ҚР Президенті.

Дмитрий ЖУРАВЛЕВ, Өңірлік проблемалар институтының директоры 

Барлық жаңалықтар