- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат инновациялық кластер туралы заңды қабылдады
Сенат инновациялық кластер туралы заңды қабылдады
Палата «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» заң жобасын қабылдады, деп Парламент Сенатының баспасөз қызметінен хабарлады.
Заң жобасының мақсаты «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының (ИТП АЭА) ерекше мәртебесін, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қормен шетелдік жұмыс күшін тартудың ерекшеліктерін және ИТП АЭА-ы қатысушыларын тіркеуге және олардың қызметіне қойылатын талаптарды айқындау болып табылады.
Сонымен қатар, Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап, енгізді.
Айта кетерлік жайт, заң жобасының мақсаты кейбір заңнамалық актілердің ережелерін «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының нормаларына сәйкес келтіру болып табылады. Атап айтқанда, өзгерістер мен толықтырулар: акционерлік қоғамды дербес кластерлік қорға айналдыруға, арнайы экономикалық аймақ басқарушы компаниясының дербес кластерлік қордың жер учаскілерін қайталама пайдалануға (қосалқы жалға) беруге, дербес кластерлік қорға, Қордың функциясын қаржыландыру мүмкіндігін қамтамасыз ету жөніндегі дербес білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырманы айқындауға, жер қойнауын пайдаланушылардың дербес кластерлік қорға ақша аударуға байланысты шығындарының салықтық шегерімін бекітуге және тағы басқаларға қатысты болып отыр.
Өз кезегінде Палата төрағасы Қ.Тоқаев аталмыш заң жобасына қолдау көрсетіп, көптеген алдыңғы қатардағы елдер инновацияны жасақтамайды ал өзгелерден көшіреді деп пікірін білдірді. «Шындығына келгенде бүгінде мықты инновацияларды АҚШ пен Жапония жасақтауда. Ал өзге мемлекеттер, мысалға Корея оларды жақсарту бағытында, Қытай өнімді арзандату бағытында оларды көшіріп алады. Жалпы, олардан көшіріп алудың еш әбестігі жоқ, бұл халықаралық тәжірибе», - деп Қ.Тоқаев ағынан жарылды.
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар