Б.Қасымбеков: КО –қазақстандық дайын өнімді өткізудің негізгі нарығы

15 Мамыр, 2014 16:17
ҚР Индустрия және жаңа технология министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков Кедендік одақ көптеген қазақстандық дайын өнім үшін негізгі сату нарығына айналғанын мәлімдеді.

«Үштіктің» өзара бірлесе жұмыс істеп отырғанынан көптеген пайданың бар екенін айтқым келеді. Қазақстан үшін ресейлік транспорттық инфрақұрылымға (трубалар, темір жол) қолжетімділігін жеңілдетуге және Еуропамен сауда айналымын дамытуда ресей нарығына тауар мен қызметтерін ұсына отырып ұмтылғаны абзал. Беларусь үшін түрлі шикізаттық тауарлар мен жанармай-энергетикалық тауарлардың кепілдендірілген құнын алудағы кеңейтілген жалпы нарыққа тауар мен қызметтерді ұсыну көзі болса, Ресейге өндірістік тауарларға, соның ішінде көп көлемде геологиялық міндеттмелерді орындауда бұл қосымша нарық көзі болып табылады», - дейді Б.Қасымбеков.

Сонымен қатар, ол Қазақстандық кәсіпкерліктер үшін Кедендік одақтың тиімді әсерін тілге тиек етті.

«Кәсіпкерлікті бастауға қолайлы жағдай жасау мен КО аясында өзара сауданы ырықтандыру дағдарыс уақытында тек ШОБ кәсіпкерліктері тарапынан өндірілтін дайын тауар тасымалы көлемін сақтап қалу былай тұрсын, оны көбейтуге де мүмкіндік берді. Кедендік одақ көптеген қазақстандық дайын өнім үшін негізгі сату нарығына айналды. Өндірушілердің мәліметінше, кедендік рәсімдеу, техникалық реттеулерді үйлестірудің жоқтығының арқасында олар өз экспорттарын арттырып, өндірісті жаңғыртуды жолға қойып, өздерінің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруда», - дейді ол. 

Барлық жаңалықтар