Н.Назарбаев ОҚО кәсіпорындарының жұмысымен танысты

15 Мамыр, 2014 15:02
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Сарыағаш ауданындағы «Био Семена» ЖШС жұмысымен танысты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында Мемлекет басшысына өңірдегі ауыл шаруашылығының ахуалы мен оны дамыту перспективалары жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев көкөністер тұқымын және көшені безендіруге арналған ағаш көшеттерін өсіру жұмысымен танысты.

Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен және Сарыағаш ауданының жұртшылығы өкілдерімен әңгімелесті.

«Био Семена» ЖШС бағы егістігінің жалпы көлемі 60 гектар, оның 27 гектарын көше безендіруге арналған ағаштар алып жатыр,  33 гектары тұқымдық егістікке тиесілі. Бүгінге дейін кәсіпорын 250 жұмыс орнын ашқан.

Барлық жаңалықтар