- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Орталық Азияда «жасыл» экономиканы енгізу қағидаларын белсенді жүргізуде – А. Булгара
Қазақстан Орталық Азияда «жасыл» экономиканы енгізу қағидаларын белсенді жүргізуде – А. Булгара
«Қазақстан өзін « жасыл экономика» саласы бойынша Орталық Азияда үздік деп есептейді. Ол «жасыл» экономиканы енгізу қағидаларын елінде ғана емес, тұтас аймақта жүзеге асыруда. Бұл үшін арнайы саяси база мен «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасы бар. Басты проблемалардың бірі – ол «жасыл» экономика ұғымы Қазақстан үшін қандай мәнге ие. Халықаралық деңгейде қолданылатын барлық мүмкіндіктер мен индекстер Қазақстанға халықаралық тәжірибені меңгеру үшін көп жұмыс жасау керектігін көрсетеді», - деді А. Булгара.
Өз тарапынан ол, «Біз үшін мемлекеттерге дәлелденген саясатты қабылдауға көмектесу маңызды, біз ашықтыққа өз үлесімізді қосуға бар күшімізді салудамыз. Бізге мемлекеттерге статистикалық мәліметтерді жинауға көмектесу маңызды», деп ағынан жарылды.
«Аталмыш салада Қазақстан тарапынан статистиканы жақсарту бойынша ұсыныстар бар. Жақында ғана Қазақстан ЭЫДҰ статистика саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге отырды», - деп ол толықтырды.
Жалпы, семинар шеңберінде Астанада қатысушылар «жасыл» өсімнің көрсеткіштерін бағалау және оның барысы туралы халықаралық тәжірибемен, ЭЫДҰ-ның әдістемесімен танысты.
Айта кетердік жайт, ЕО мемлекеттері осындай ақпарттық жүйені жасақтауда тәжірибесі мол. Сонымен қатар, дұрыс тандау және «жасыл» өсім көрсеткіштерін ендіру қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға, жалпы экономиканы экологияландыруға септігін тигізеді.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде атылмыш көрсеткіштерді пайдалану, «жасыл» индикаторларды жасақтау және ұлттық пен аймақтық деңгейде енгізу, ҚР-дағы «жасыл» экономиканың мониторинг жүйесін құрудың басымдылықтары талқыланды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады