- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Жақыпов Жапонияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Қ. Жақыпов Жапонияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Тараптар Қазақстан Президентінің Жапония Премьер-министрімен кездесулері қазақстандық-жапондық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға жол ашатынын айта келіп, қос мемлекет ынтымақтастығының стратегиялық сипатына назар аударды, деп ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппаратында мәлімдеді.
Сондай-ақ кездесу иелері ядролық қарусыздандыру және таратпау тақырыбына да айрықша көңіл бөлді.
Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық халықаралық бастамаларының маңыздылығына тоқталды.
Қ.Жақыповтың атап өткеніндей, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы келісімге, ағымдағы жылы 6-мамырда БҰҰ штаб-пәтерінде қол қойылған хаттама халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту жолындағы маңызды қадам.
Өз кезегінде Масаеси Камохара Қазақстан аймақтағы жолбасшы мемлекет болып отырғанын атап өтті. Сонымен бірге жапон дипломаты Жапонияның біздің елімізбен әртүрлі салада ынтымақтастық жасауға, әсіресе, ядролық қарусыздануға мүдделі екендігін білдірді. Екі ел басшылары Гаагадағы жасаған кездесулері осының дәлелі болатынын көрсетті.
Сауда экономикалық ықпалдастықты кеңейту туралы сөз болғанда, Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның жапондық үздік транс ұлттық компаниялардан инвистиция тартуға және Қазақстанда сервистік жинақтау өндірісін құруға ниетті екенін тілге тиек етті. Қабиболла Жақыпов:
«Жапондық өндіріс орындарының инновациялық сипатын ескере отырып, біз, жапондық бизнес өкілдерін Қазақстанда индустриялдық бағдарламаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырамыз»,- деді ол.
Кездесу иелері парламентаралық қатынасты тереңдетудің өзектілігін ескере келіп, осы жолда бейінді комитеттермен ынтымақтастық жөніндегі топтар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту керектігін жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда