Аймақтық интеграция жетекші геосаяси трендке айналды - Б.Қасымбеков

15 Мамыр, 2014 12:34
Аймақтық интеграция жетекші геосаяси трендке айналды, деп ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өндіріс комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков ағынан жарылды.

«КО елдерінің интеграциялық қатынасы нақты нәтижелер көрсетіп отыр. Соңғы 3 жылда үштіктің тауар айналымы 30%-ға өсті. Мемлекеттердің өзара сауда-саттықтың құрылымы жақсаруда. Аймақтық интеграция заманауи жетекші геосаяси трендке айналды. Ал, оған көз жеткізу үшін әлемнің саяси картасына көз жүгіртсек жетеді. Онда аймақтық интеграциялық бірлестіктер көрсетілген», - деді Б. Қасымбеков.

Сонымен қатар, ол, Еуропалық одақ, Солтүстік америкалық еркін сауда келісімі (NAFTA), Азиялық -Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық  (APEC) және Шығыс-Африкалық қауымдастық (ЕАС) сынды бірқатар интеграциялық бірлестіктерді мысалға келтірді.

«Бүгінде әлем бойынша  аймақтандырылмаған құрлық немесе жер жоқ. Осы процеске тартылмаған мемлекет мүлдем жоқ», - деп Б. Қасымбеков қадап айтты.

Барлық жаңалықтар