• Басты
  • Жаңалықтар
  • Кез келген өндіруші ұйымдардың төлемдері ашық түрде жүзеге асады – Н. Сауранбаев

Кез келген өндіруші ұйымдардың төлемдері ашық түрде жүзеге асады – Н. Сауранбаев

15 Мамыр, 2014 11:12
Бүгінде Қазақстанның әрбір азаматы ұйымдардағы табыстар қалай реттелетініндігі туралы ақпарат алады, халықты ақпараттық қамту саласы 100 пайызды құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

«Сіздердің естеріңізде болса, 2005 жылы Қазақстан Өндіруші салалардың ашықтық бағдарламасы қызметін алды. Бұл компанияның негізі екі маңызды іске тіреледі, біріншісі, табиғи қазбалар мемлекетке тиесілі, оның шығындары мен реттелу тәсілдері қоғамға айқын болу керек. Бұл аталмыш ұйым қызмет істеуінің  негізі», - деді индустрия және жаңа технологиялар  вице-министрі.

Естеріңізге сала кетейік, ұйымның шеңберінде Үлттық кеңес құрылған болатын. Оның құрамына тәуелсіз органдар, өндіруші органдар мен парламент депутаттары қатысты. 

«Ұлттық кеңеске бір ауыздан келісіп шешім шығарады. Бүгінгі біздің басты міндетіміз есепті құру. Ол барлық жерлерде жарияланады және таратылады. Онда қай компания қанша мұнай өндіретіні мен қаржысын қалай бөлетіне туралы жазылады. 2005 жылдан бастап аталмыш компания үлкен жұмыс жасады», - деп ол атап өтті.

«Егер бұрындары тек мемлекетке төлемдер ғана қаралатын. Бүгінде қадағалау жұмыстарының кеңістігі кеңейген. Сондықтанда бүгінде кез-келген азамат осы компаниялардың табысы мен шығындары жайлы біле алады. Оларды қамту жұмыстары 100 %», - деп Н. Сауранбаев толықтырды.

ҚР Үкіметі ӨСАБ қызметінің іске асыру бастамасы бойынша 2005 жылдың 5 қазандағы Өзара түсіністік меморандумында (бұдан әрі-ӨТМ) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен өнеркәсіптің өндірістік салаларындағы компаниялармен, ҚР Парламент депутаттар тобы және «Мұнай кірістері-қоғам бақылауында!» Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар коалициясының арасында қол қою арқылы міндеттемесін қабылдады.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар