Егін егу науқаны Қазақстанның басты астық егу аймақтарында басталды

15 Мамыр, 2014 09:00
2014 жылғы егін егу науқаны республиканың оңтүстік өңірлерінен солтүстік аймақтарға жетті.

Осы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын қолдауға «ҚазАгро» Ұлттық холдингі барлық қаржыландыру көздерінен жалпы 61,2 млрд.теңге бағыттауды көздеп отыр, оның 40 млрд.теңгесі – бюджеттік несие, деп холдингте хабарлады.

Сарапшылардың бағалауы бойынша холдингтен егін науқанына бөлінген  қаражат 6,2 млн.га жерде агротехникалық шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні «ҚазАгро» компаниясына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 3 мыңнан астам өтінімдер келіп түсті, өтінімдердің жиынтық сомасы 28,9 млрд.теңгені құрайды. Бұл көрсеткіштің 2,5 мың өтінімі бүгінде мақұлданды. 14,5 млрд.теңгені құрайтын 1,6 мыңнан астам өтінімдер қаржыландырылды.

Көктемгі-егіс жұмыстарын несиелендіруге келіп түскен ең көп өтінімдер келесі аймақтарды қамтиды – Қостанай облысы, Ақмола облысы6 Оңтүстік Қазақстан облысы6 Солтүстік Қазақстан облысы  және Павлодар облысы.

Егін науқанын қаржыландыруды «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің құрамындағы үш даму институттары жүргізеді - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ. Бұдан бөлек АӨК субъектілерінің несие көздеріне қолжетімділігін арттыру үшін «ҚазАгро» Ұлттық холдингі республиканың агросаласындағы шаруашылықтарды қаржыландыруға бірқатар екінші деңгейлі банктерді қаржыландырды. Бұл мақсаттарға холдинг бюджеттік несиеден 20 млрд.теңге бөлді. Бүгінгі күні егін науқанына банктер 16,2 млрд.теңгеден астам сомаға қаржыландыру жұмыстарын жүргізді. Несиелендіру стандартты банктік рәсімдер бойынша жүзеге асырылады.

Барлық жаңалықтар