- Басты
- Жаңалықтар
- Терминологиялық сөздік: Ұлттық қор
Терминологиялық сөздік: Ұлттық қор
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры ҚР Ұлттық банкіндегі ҚР Үкіметінің шотында шоғырланған қаржы активтері түрінде, сонымен бірге, материалдық емес активтерді ескермегенде, басқа мүлік түріндегі мемлекет активтерін білдіреді.
ҚР Президентінің 2000 ж. 23 тамыздағы № 402 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» Жарлығына сәйкес құрылған. Ұлттық қордың мақсаттары мен міндеттері ҚР Президентінің 2001 ж. 29 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы» Жарлығында белгіленген болатын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі сұрақтарының тұжырымдамалық шешілуі ҚР Бюджет кодексімен аяқталды. 2010 ж. сәуірінде орта мерзімді болашаққа ҚР Ұлттық қорының қаражаттарын құру және пайдаланудың Тұжырымдамасы бекітілген болатын.
ҚР Ұлттық қорының негізгі мақсаты болашақ ұрпақтар үшін жинақтарды құрастыру арқылы қаржы ресурстарын сақтау және республикалық бюджеттің әлемдік шикізаттық нарықтардан тәуелділігін төмендету.
Сәйкесінше, Ұлттық қордың қызметі болып жинақтау және тұрақтандыру қызметтері табылады.
2013 ж. 3-ші тоқсанындағы жағдай бойынша Ұлттық қордың активтері 66,7 млрд. долларды құрады.
2008–2009 жж. халықаралық қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында қазақстандық экономиканы тұрақтандыруда Ұлттық қор жетекші рөл атқарды. Сонымен қатар, қор қаражаттары нақты индустриалды-инновациялық жобаларға бөлінеді. Мысалы, 2013 ж. Астана – Алматы және Астана – Павлодар автомобиль жолдарының құрылысына 25,5 млрд. теңге бөлінді. Осылайша, Ұлттық қор қаражаттарының рационалды пайдалануына ерекше көңіл бөлінеді.
Мұндай қорлар Венесуэлада, Колумбияда, Кувейтте, Нигерия, Норвегия, Чили, Оман, Папуа-Жаңа Гвинея, Гонконг, Сингапур, Эстония, ОАР, Аляска (АҚШ) және Альберта (Канада) штаттарында, Ресейде, Әзірбайжанда құрылған.
Ең тиімді болып 1990 ж. негізделген, мұнай бағасына тербелістерден жылсайынғы бюджетті қорғау мақсатында құрылған Норвегияның Мемлекеттік Мұнай Қорының тәжірибесі саналады. Аталған қорда 760 млрд. долларға жуық қаражат жинақталған. Бұл ретте, қор Қазақстан экономикасына 33 млн. долл. инвестициялады.
Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық портал базасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша интерактивті терминологиялық анықтамалықты таныстырылған болатын. Терминологиялық сөздіктің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар