• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үкімет пен Есеп комитеті 2013 жылғы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті таныстырды

Үкімет пен Есеп комитеті 2013 жылғы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті таныстырды

14 Мамыр, 2014 18:11
Бүгін Мәжілісте Үкімет пен Есеп комитеті 2013 жылғы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті таныстырды.

Қорытынды есептер мен құжаттар қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың жүргізуінде  болды. 

Сондай-ақ, есеп жөнінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары- Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин баяндама жасады.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Нұртай Сабильянов болды.

Республикалық бюджетке 2013 жылда 5 272,4 млрд.теңге  немесе жоспарға 100,6% түсті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2013 жылы 3 991,6 млрд.теңгеге толықтырылды және 2014 жылғы 1 қаңтарда 13 026,1 млрд.теңгені құрады, оның ішінде инвестициялық кіріс 559,3 млрд. теңге сомасында. Негізгі үлесті (85,1 %) мұнай секторынан түсетін тікелей салықтар құрады.

2013 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары 99,3%-ға немесе 5 990,5 млрд. теңге сомада атқарылды. 2012 жылмен салыстырғанда шығыстар 194,8 млрд. теңге өсті. 

Есеп комитетінің бағалауынша, жалпы алғанда, Үкімет республикалық бюджет түсімдерінің шекті параметрлерін, сондай-ақ шығыстар бойынша алған міндеттемелерін орындады, деп Мәжілістің баспасөз қызметінде хабарлады. Сонымен бірге, бюджетті қалыптастыру және атқару барысында жекелеген кемшіліктерге жол берілгені атап өтілді.

Барлық жаңалықтар