• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен РФ-ның бірлескен кәсіпкерліктерінің көпшілігі Қазақстан аумағында құрылған - Е.Кузьмина

Қазақстан мен РФ-ның бірлескен кәсіпкерліктерінің көпшілігі Қазақстан аумағында құрылған - Е.Кузьмина

14 Мамыр, 2014 16:57
Қазақстан мен РФ-ның бірлескен кәсіпкерліктерінің көпшілігі Қазақстан аумағында құрылған. Бұл туралы бүгін Астана-Мәскеу-Минск-Ереван мультимедиалық бейнекөпір барысында РҒА Экономика институтының посткеңестік зерттеу орталығы посткеңестік елдердің экономикалық даму секторының жетекшісі Елена Кузьмина мәлімдеді.

«Біз барлық қатысушы елдер үшін барынша тиімді индустриялды дамуды қолдаймыз. Сол себепті осы үшін институциялық дамумен айналысуымыз керек. Транспорттық тариф мәселесін қарап, транспортты өзіміз өндіріп, тасымалдауымыз керек», - дейді Е.Кузьмина.

Оның айтуынша, КО қатысушы мемлекеттерге нақты кеңістікке өтуі керек, ол үшін заңнаманы үйлестіріп, бірлескен кәсіпкерліктер үшін барлық елде жеткілікті деңгейде тиімді жағдай қалыптастыру қажет.  

«Қазақстанмен бірлесе отырып Ресейдің қолға алған кәсіпкерліктері негізінен олардың жерінде емес, Қазақстанда құрылған.  Мұның себебін дұрыстап сараптау керек. Әрине, қолайлы жағдай, жеңілдетілген салық секілді факторлар бар. Бұл Кедендік одақтың даму кезеңі болып табылады», - дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Кедендік одаққа мүше мемлекеттер түрлі баж салықтарын реттеп қана қоймай, сонымен қатар капиталды тасымалдау мәселелерін де қарастыруда.

«Бізде банктік жүйе бойынша өзара қатынас туралы мәселе жақсы жолға қойылмаған. Бұл тіпті жоқ деген сөз емес, тең төмен деңгейде. Барынша тиімді және кеңінен жұмыс істейтін негізінен біздің елдегі батыстық банктер. Бұл кезек күттірмейтін маңызды мәселелер. Бірыңғай экономикалық кеңістікпен қатар қолға алуымыз керек. Бұған барлық ел қызығушылық танытып отыр. Тиісінше, бұған жауап дәл қазіргі таңда табылуы керек. Сол кезде ғана экономикалық одақ шын мәнісіндегі экономикалық одақ болады», - дейді Е.Кузьмина.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар