- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Ыдырысов Араб мемлекеттер лигасының форумына қатысты
Е. Ыдырысов Араб мемлекеттер лигасының форумына қатысты
Өзінің сөзінде ҚР СІМ басшысы Сауд Арабиясы бастамашылық еткен бұл форум Орталық Азия елдері мен Әзірбайжанның араб мемлекеттерімен қатынастарында жаңа кезең ашады және оның өте жоғары деңгейде өткізілуі елдеріміз бен халықтарымыз үшін өзара тиімді сауда, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ұлғайтудың жақсы бастамасы болмақ деп атап өтті, деп Сыртқы істер ведомствосында хабарлады.
«Өзара тиімді мүдделердің артуын ескере отырып, біздің ойымызша, келесі оң қадам болашақта БҰҰ өңірлік гуманитарлық хабына айналдырғымыз келетін Алматыдағы резиденциясымен Араб мемлекеттері Лигасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігінің ашылуы болмақ» - деп айтып өтті СІМ басшысы.
Қазақстандық министр өз сөзінде палестиндік-израильдік қақтығыс, Сириядағы жағдай және т.б. осы сияқты өзекті халықаралық мәселелер бойынша ҚР ұстанымын білдірді. Ол сондай-ақ Араб Магрибі және Таяу Шығыстағы түбегейлі саяси өзгерістер миллиондаған қарапайым адамдарға тағдыршешті өзгерістермен қоса, беделді болашаққа, өз құқықтарына құрмет, әділдікке және оңалысқа деген сенім алып келгендігін атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша Эр-Рияд Декларациясы қабылданды. Онда Форумға мүше елдердің өз араларында байланыстарды жан-жақты дамыту жөніндегі ортақ қағидадан басқа Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысуға шақыруымыз, жаһандық ядролық қарусыздану мен таратпаудағы Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдерінің үлесі, сондай-ақ Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің жиналысы туралы бастамасы көрініс тапты.
Форум қатысушылары жаңа көпжақты форматтағы диалогтың институтшылдануына негіз болатын Араб мемлекеттерінің Лигасы, Орталық Азия елдері мен Әзірбайжан арасындағы ынтымақтастық пен экономика жөніндегі Меморандумға қол қойды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда