• Басты
  • Жаңалықтар
  • Арменияның ЕАЭО қосылу туралы келісім жобасы 2014 жылдың 1 маусымы қабылданады

Арменияның ЕАЭО қосылу туралы келісім жобасы 2014 жылдың 1 маусымы қабылданады

14 Мамыр, 2014 13:38
1 маусым күнi Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы келiсiм жобасы қабылданады. Бұл туралы бүгiн «Еуразиялық интеграция: Кедендiк одақтан – экономикалық одаққа» атты Астана-Мәскеу-Минск-Ереван арасындағы мультимедиялық көпiр барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Дамыту және интеграция департаментi халықаралық қарым-қатынас бөлiмiнің басшысы Антон Азаров мәлiмдедi.

«Армения Республикасы Кедендiк одаққа кiру туралы өтiнiш берген соң, арнайы жұмыс тобы құрылған едi. Жұмыс тобы белсендi жұмыс жасады. Армения Республикасының Кедендiк одаққа қосылуы туралы жол картасы тез дайындалды.  1 маусым күнi Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық Одаққа кiруi туралы келiсiм жобасы қабылданады. », - дедi Артак Закарян. 

Ол атап өткендей, Армения Республикасының Кеден Одағы менБірыңғай  экономикалық кеңістікке  қосылуының жол картасы барлық тараптардың қатысуымен жедел түрде дайындалды.

«Ол ең жоғары деңгейде мақұлданды, біз оны жүзеге асыруда үлкен нәтиже күтеміз. Белгілі болғандай, 29 мамыр күні Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім шартқа қол қойылады, 1 маусымға қарсы Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы келiсiм жобасы қабылданады», - деді ол.

Өз кезегінде, Армения Республикасының  ұлттық  жиналысы сыртқы байланысының  тұрақты комиссия  төрағасы Артак Закарян Арменияның ЕАЭС-ке қосылуы экономикалық  түсіністіктен туындағандығын айтты.

«Арменияның Кеден Одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуы  экономикалық түсіністік арқасында туындап отыр, сондай-ақ, аймақта ұзақмерзімді қауіпсіздік орнату қажеттілігі де бар. Сондай-ақ, бүгінде Армения интеграциялық үрдістерге ерекше көңіл бөліп отырғандығын атап өткім келеді», - деді ол.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар