- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс электр энергетикасы нысандарының жұмысын бақылауға қатысты заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс электр энергетикасы нысандарының жұмысын бақылауға қатысты заң жобасын мақұлдады
Заң жобасы бойынша жұмыс тобының 16 отырысы өткізілді. Мәжілістің депутаттарынан, тұрақты Комитеттерінен және заң бөлімінен заң жобасы бойынша келіп түскен 250-ден астам ескертпе мен ұсыныс қаралды және талқыланды, деп Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ізбақ Өмірзақов атап өтті.
Бұдан басқа, заң жобасында Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде электр энергиясына тапшылық не профицит болған жағдайда электр энергиясының экспорты мен импорты саласында шектеу шаралары енгізіледі.Заң жобасын жұмыс тобы талқылаған кезде тұрақты Комитеттердің, депутаттардың, заңнама бөлімінің ұсынысы бойынша заң жобасының ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді, деп ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында хабарлады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістерді талқылау кезінде депутаттар ескерту сияқты санкцияны алып тастады. Бұдан басқа, заңды тұлғалардың шағын, орта немесе ірі бизнес субъектілеріне тиесілілігіне қарай оларға айыппұлдар бөлігіне түзетулер енгізілді, сондай-ақ энергия өндіретін және энергия беретін ұйымдардың технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты ұсыну туралы талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылығын белгілейтін жаңа бап ұсынылды.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістерді талқылаған кезде ұсынылып отырған 20-1-бап, сондай-ақ заң жобасында барлық ұсынылған Азаматтық іс жүргізу кодексіне энергия өндіретін және энергия беретін ұйымды уақытша басқаруды енгізу мәселелерін реттейтін түзетулер алып тасталды.
Заң жобасы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне электр және жылу желілерін қорғау аймақтарын белгілеу мәселелерін, сондай-ақ жер учаскелерін олардың шегінде пайдаланудың ерекше шарттарын реттейтін түзетулермен толықтырылды. Бұдан басқа, Жер кодексі электр беру желілері немесе байланыс желілері алып жатқан барлық энергетика жерлеріне кадастрлық нөмір бере отырып, бір сәйкестендіру құжатын дайындауды жүргізуге және беруге мүмкіндік беретін нормамен толықтырылды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты