«Алматы – Қапшағай» жолының құрылысын 2016 жылы аяқтау жоспарлануда

14 Мамыр, 2014 11:53
Жалпы ұзақтығы 104 км «Алматы – Қапшағай» трассасы 4 учаскеге бөлінді. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жолдың 72 км бойында жүргізілуде.

«Алматы – Қапшағай» трассасының өту жолының 63 километрін 6  жолақты, ал қалған 41 километрін 4 жолақты етіп қайта жаңғырту жоспарлануда. Жол цемент-бетон жамылғысы бар I техникалық санат нормативтері бойынша салынады, деп Көлік және коммуникация министрлігінде хабарлады.

Ағымдағы жылы ұзақтығы 10 км учаскені пайдалануға тапсыру белгіленген.. Жалпы құрылыс жұмыстарын 2016 жылы аяқтау жоспарланған.

Қазіргі кезге дейін көлемі 6,3 млн. шаршы километр топырақ жұмыстары жүргізіліп, 18 км жамылғы жасалды, 101 су өткізетін құбырлар орнатылды. Учаскедегі жұмыстарға 218 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылып, 545 жұмыс орыны ашылды. 

 

 

Барлық жаңалықтар