- Басты
- Жаңалықтар
- 30-ға жуық агрокәсіпорынның несиелері мемлекет есебінен арзандатылады
30-ға жуық агрокәсіпорынның несиелері мемлекет есебінен арзандатылады
"Қазагромаркетинг" АҚ бірқатар қаржы институттары ұсынған 31 өтінім қарастырды, соның ішінде «ҚазАгро» холдингі құрамындағы еншілес компаниялар мен екінші деңгейлі банктер, деп холдингте хабарлады.Барлық ұсынылған өтінімдер бойынша агрокәсіпорындардың қарызы 61,9 млрд. теңгені құрайды.
Естеріңізге салар болсақ, былтыр қарызы 17,7 млрд. теңгені құрайтын 27 өтінім қанағаттандырылған болатын.
Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржылық сауықтыру мынадай жолмен жүзеге асырылады:
біріншіден, кредиттік және лизингтік міндеттемелерді қайта құрылымдау - қарыз алушыларда бар кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша қайтару мерзімдерін ұлғайту, төлемдерді өтеудің тәртібі мен кезектілігін өзгерту, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту, сондай-ақ өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсыну.
Сондай-ақ, кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерді қайта қаржыландыру - қарыз алушыларға ұзақ мерзімді қайтару мерзімдерімен, төмен пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен және бар берешектерін өтеуге жеңілдікті кезеңмен қосымша келісім жасау арқылы жаңа нысаналы кредиттер ұсыну не бұрын берілген кредиттерін алмастыру.
Бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін «Қазагромаркетинг» АҚ-ның байланыс орталығына 8 800 080 7080 бойынша хабарласуға болады (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары