- Басты
- Жаңалықтар
- Астана экономикалық форумына әлемнің 150 елінен 3 мың делегат қатысады (Брифинг бейнебаяны)
Астана экономикалық форумына әлемнің 150 елінен 3 мың делегат қатысады (Брифинг бейнебаяны)
«Биыл VII АЭФ аясында шамамен 70-тей ірі шара ұйымдастырылады. Оған 100 шақты ұйымдастырушылар қатысады. Соның ішінде биыл БҰҰ Сауданы дамыту конференциясы белсенді ат салыспақ. Осынау беделді ұйымның 50 жылдығына арналған ірі шаралар ұйымдастырылып, Давос экономикалық форумы, Халықаралық сауда орталығы, Дүниежүзілік сауда ұйымы, халықаралық миграция ұйымының өз шаралары да өтеді», - дейді жоғарғы палата өкілі.
С.Нөгербековтың айтуынша, форум аясындағы айтарлықтай үлкен шара ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілету мен насихаттау бойынша ұйымдастырылмақ.
«Шара аясында ілгерілету бойынша бірнеше секция өтеді. Аталмыш жұмыстарға шетелдік әріптестер, сарапшылар, тәжірибешілер қатысады. VII Астана экономикалық форумы жұмысына 10 мыңнан астам адам қатысады. Қазіргі таңда 10 мыңдай адам тіркелген болса, соның ішінде 3 мыңдайы шетелдік қатысушылар. Олар әлемнің 150 елінен тіркелген. Бұл біз үшін «ЭКСПО-2017» мега жобасын насихаттау мен ілгерілету үшін таптырмас мүмкіндік», - дейді сенатор.
Оның айтуынша, Жібек жолының дамуына арналған ірі шаралар секциялары жоспарланған.
Айта кетейік, Астана экономикалық форумы әлемнің ең ірі халықаралық форумдарының бірі болып табылады. 2008 жылдан бастап АЭФ қазіргі заманның басты экономикалық және әлеуметтік қарсылықтарымен күресу бойынша шешімдер іздестіру үшін жыл сайын жаһандық көшбасшыларды, сарапшыларды және бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін жинайды.21-23 мамыры) өткізілу орны - Қазақстан елордасының Сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталықта орналасқан «Тәуелсіздік сарайы» және «Бейбітшілік және Келісім сарайы».
Камила Амирова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді