• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша Астанада 19 тұрғын үйге жөңдеу жүргізіледі

ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша Астанада 19 тұрғын үйге жөңдеу жүргізіледі

14 Мамыр, 2014 09:12
2014 жылы Астанада ҚР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 19 көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Қазіргі таңда барлық тұрғын үй кешендеріндегі тұрғындармен ортақ жиын өткізілген, үйлер әбден тозғандықтан күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды, техникалық сараптау актілері жасалынып, жобалық-сметалық құжаттар бекітілді, деп қала әкімдігінде хабарлады.

Сонымен қатар, «Өркен қала» ЖШС бағдарламасына сәйкес пәтер иелерінің қайтарымды қаржысына тұрғын үйлердегі жолаушылар жеделсатысының құрал-жабдықтарын ауыстыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, коммуналды жүйелерді жаңғыртуға, тұрғын үйлердің жылу-техникалық сипатын жақсартуға және тиімді меншік иесін қалыптастыруға бағытталған ҚР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы Астанада 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама бойынша қайтарымсыз негізде пайызсыз мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетіледі. Яғни пәтер иелері «Астана - БЕО» ЖШС арқылы ай сайынғы төлемдерін жүзеге асырады.

Тұрғындарға қайтарылған қаржыны мамандандырылған ұйым «Өркен қала» ЖШС басқа нысандарды жөндеуге пайдаланады.

 

Барлық жаңалықтар