«Өскемен-Новосібір» бағытында жаңа әуемаршруты ашылады

14 Мамыр, 2014 09:00
«SCAT» компаниясының Bombardier CRJ 200 ұшақтары «Өскемен-Нововсібір», «Новосібір-Өскемен» бағыты бойынша аптасына екі рет қатынайды.

Жаңа бағыт 2014 жылдың 11 шілдесінде ашылады, деп ШҚО ақпараттық орталығында хабарлады.

Ұшу 1 сағат 15 минутты құрайды. Билеттің құны 27000-нан 37000 мың теңгеге дейін болмақ.

Ынтымақтастық  туристік бизнестің ресейлік өкілдері  келгенінен кейін және олардың ШҚО-мен және өңірдің туристік мүмкіндіктерімен танысқанынан кейін басталды. Болжам бойынша, жаңа әуе бағыты екі өңірдің арасындағы экономикалық байланысты кеңейте түспек.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, әуе бағыттары 50 кісілік сиымдылығы бар BombardierCRJ 200 әуе кемелері  арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанның өзге қалаларының тұрғындарының ыңғайлылығы  үшін әуе компаниясы Астана мен Алматыдан жаңа халықаралық әуе бағытын қарастырып жатыр. 

Барлық жаңалықтар