• Басты
  • Жаңалықтар
  • Корейлік және қазақстандық бизнестің дамуына тұрақты құқықтық база жәрдемдеседі - Ко Джонг Сик

Корейлік және қазақстандық бизнестің дамуына тұрақты құқықтық база жәрдемдеседі - Ко Джонг Сик

13 Мамыр, 2014 18:11
Қазақстанда корейлік және қазақстандық кәсіпкерлер дамуға мүмкіндік алатын тұрақты құқықтық база қалыптасты, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «KOREA RESOURCES CORPORATION» Корей ұлттық компаниясының Президенті Ко Джонг Сик.

«Корея Республикасы Қазақстанның дамуының саяси бағытын түсінеді және қолдайды. Өйткені Кореяның экономикалық даму серпілісінен тәжірибесі бар. 70 жылдары Корея әлемнің ең кедей елдерінің қатарынан жоғарғы технологиялық индустриялды мемлекетке айналды. Біздің ойымызша, геологиялық барлау бойынша бес жылдық жоспар негізінде сіздерде де жақсы нәтиже болмақ», - дейді Ко Джонг Сик.

Оның айтуынша, Қазақстанда корейлік және қазақстандық кәсіпкерлер дамуға мүмкіндік алатын тұрақты құқықтық база қалыптасты.

Сонымен қатар, ол тау-кен игеру саласындағы екі елдің ынтымақтастығы екі жаққа да пайдалы болатынына сенімділік білдірді.

«Менің өз басым тек табиғи ресурстарда ғана емес, сонымен қатар электроника мен химиялық өнеркәсіпте даму саясатын ілгерілетуге қарсы емеспін. Мен КОРЕС компаниясының президенті ретінде және сіздерге тілектес адам ретінде Қазақстанға елдің саяси бағытын ілгерілетуге көмек көрсетуге дайынмын», - дейді ол. 

Камила Нұрбекова

Барлық жаңалықтар