- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық әріптестігі қарқынды дамуда – СІМ
Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық әріптестігі қарқынды дамуда – СІМ
«Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық әріптестігі ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша қарқынды дамып келеді. Соның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық қатынастар беки түсуде. Екі ел арасында үкіметаралық деңгейде жақсы байланыс құрылып, Қазақстан мен Қытай үкімет басшыларының тұрақты кездесу механизмі жұмыс істеуде, парламентаралық, партияаралық ынтымақтастық дамуда», - дейді Р.Жошыбаев.
Оның айтуынша, екіжақты байланыстың ары қарай дамуына ҚХР Төрағасы Син Цзиньпиннің 2013 жылдың 6-8 қыркүйегінде жасаған мемлекеттік сапары ерекше серпін берді.
«Біздің астанамызда Қытай мемлекет басшысы өзінің тарихи сөзін айтты. Алғаш рет Қытайдың Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси стратегиясын мәлімдеді. Оның сапарының негізгі нәтижесі ретінде бас-аяғы 35 млрд долларды құрайтын екіжақты 23 құжатқа қол қоюды айтуға болады», - деді ол.
Сонымен қатар, ол 20-21 мамыр күні Шанхайда өтетін АӨСШК кезекті саммиті туралы айтты. Онда біздің Мемлекет басшысы тарапынан басталған 1992 жылғы үкіметтік кеңесті табыстау өткізіледі.
«Біз Қытай басшысының Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске төрағалығы ары қарай дамуға ерекше серпін беретінін күтеміз. Жалпы, біз елдер арасындағы байланысты жоғары бағалап, алдағы уақытта оны тереңдете түсуге мүдделіміз», - деді ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция