ИНФОГРАФИКА: Заңдастыру құралдары

13 Мамыр, 2014 14:54
Мемлекет басшысының кәсіпкерлермен кездесуінде жарияланған қаржы құралдарын заңдастыру аясында Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып тиісті заң жобасын дайындады. Заңнаманың басты жаңалықтарының бірі азаматтардың екінші деңгейлі банктердің арнайы есебіне қою арқылы өз қаражаттарын заңдастыру құқығы болып табылады.

Осылайша қаражат алдағы бес  жылда екінші деңгейлі банктердің арнайы есебінде нарықтық бағамен ұстауға болады.

Қаражатты ұзақмерзімді қолдану керек болған жағдайда ұлттық холдингтер, ЕДБ облигацияларын, мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу арқылы экономикаға инвестициялауға болады.

Сонымен қатар,  азаматтар жекешелендірудің екінші толқыны аясында нысандарды сатып ала алады. 

Барлық жаңалықтар