• Басты
  • Жаңалықтар
  • Екінші деңгейдегі банктердің несие қоржынының 30%-ын «нашар несиелер» құрайды - Қ.Келімбетов

Екінші деңгейдегі банктердің несие қоржынының 30%-ын «нашар несиелер» құрайды - Қ.Келімбетов

13 Мамыр, 2014 13:19
Бүгін ОКҚ өткен брифингте Ұлттық банктың төрағасы Қайрат Келімбетов «екінші деңгейдегі банктердің несие қоржынының 30% «нашар несиелер», деп мәлім етті.

Белгілі болғандай, «нашар несиелер» проблемалары 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін шешілуі  керек.

«Біз «нашар несиелер» проблемасын, жұмыс істемейтін несиелер проблемасын 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін шешуді жоспарлаудамыз. Осы ретте өздеріңізге белгілі болғандай біз Үкіметпен, банктермен бірлесіп Салық кодексіне енгізілетін бірқатар өзгертулерді жасақтадық», - деп Қ. Келімбетов атап өтті.

Оның айтуынша, жақында ғана проблемалы несиелер қорын басқару бойынша жоба  тұжырымдамасы жасақталды.

«Бұл осыдан екі жыл бұрын Ұлттық банк құрған арнайы ұйым және нәтижесін жақсарту мақсатында арнайы құжат қабылданатын болады», - деп Ұлттық банк басшысы баса айтты.

Атап өтерлік жайт, жұмыс істемейтін несиелелер - олар белгілі бір уақыт өткен соң банктерге олар бойынша төлем түспей қалатындар.

«Яғни, қарыз алушылардың төлем жүргізуге жағдайы жетпейді. Олар мүлдем жоғалып кетеді немесе оларда мүлдем қаражат болмайды. Тіпті, жобасы жұмыс істемейтіндері де болады. Қалай болғанда да бұл жағдай банк үшін қолайсыз. Осындай «нашар несиелер» қоржыны Қазақстанның банк секторында 4,5 трлн. теңгеден асты немесе  30% құрады. Бір сөзбен айтқанда екінші деңгейдегі банктердің несиелері шығынға жазылуы керек несиелер», - деді Қ. Келімбетов.

«Сондықтанда біз осы бағытта үлкен жұмыстар атқарудамыз. Біріншіден екі жылдан кейін осы несиелерді шығынға жазбаған банктерден біз лицензияларын қайтарып аламыз. Тіпті, бүгінде нашар несиелер қоры жалпы несие қорының 10%-на жеткен банктерге салық төлеу бойынша жеңілдіктер берілуде. Сонымен қатар, проблемалы несилер қоры жұмыс істейтін болады. Ол нашар несиелерді сатып алатын болады. Осы жұмыстарды жүзеге асырмай біз отандық банк секторының бәсекеге қабілеттілігі туралы сөз қозғай алмаймыз», - деп Ұлттық банк басшысы өз ойын түйді.

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар