- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2020 жылға қарсы тікұшақ өндіруді оқшаулау жұмысын 30%-ға жеткізу жоспарланған (ФОТО)
Қазақстанда 2020 жылға қарсы тікұшақ өндіруді оқшаулау жұмысын 30%-ға жеткізу жоспарланған (ФОТО)
Халықаралық «KADEX-2014» қару-жарақ пен әскери – техникалық мүлік көрмесінің қарсаңында «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» бірлекскен кәсіпорын БАҚ өкілдеріне арнап ЕС 145 тікұшақтарын құрастыратын зауытымен танысу баспасөз турын ұйымдастырды.
«Жинау жұмыстары 2011 жылы жолға қойылды. Осы уақыт аралығында ЕС 145 тікұшақтарының 20 данасы шығарылды. ТЖМ мен Қорғаныс министрлігінің 40 ұшқышы оқудан өтті. Алғашқы ұшқыштар Германиядан білімдерін жетілдіріп қайтты. Қазіргі таңда ҚМ мен ТЖМ ұшқыштары бізде ұшу теорияларын оқуда. Әуемеханиктері Германияда Техникалық академия жанындағы «Еурокоптер» зауытында білімдерін жетілдіруде. Өйткені бізде әлі де болса өзімізде оқыту үшін рұқсат беретін құжаттар толық жиналып біткен жоқ. Осы жылдың соңына қарай аталмыш мәселені шешетін боламыз», - дейді кәсіпкерліктің қауіпсіздік бастығы Мұхамедқали Қазамбаев.
Қазіргі таңда бірлескен кәсіпорын зауытында көпсалалы ЕС 145 тікұшақтарын қарастыру, оны бояу, медициналық құрал-жабдықтарды орнату, қосылған құрылғылар мен жүйелерді икемдеп, тестілеуден өткізу, сондай-ақ, ұшу сынағы жүзеге асырылады.
Баспасөз туры барысында зауыттың механиктері кезең-кезеңмен құрастыру сызбасымен таныстырды, ал бояушылар бояу цезін көрсетіп, техникалық персоналдар тобы ұшақжайлар мен шеберханалардағы жұмыстарымен таныстырды.
«Алдағы уақытта тек ЕС 145 емес, сонымен қатар ЕС 649 тікұшақтарын да шығара бастамақпыз. «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС кәсіпкерлігі біздің Бас қолбасшымыздың бастамасы. Біздегі барлық заманауи құрылғылар шет елден әкелінген. Тікұшақ жағдайына бақылау жасайтын құрылғылар жүйелі қызмет көрсету жұмыстарын жасайды», - дейді ол.
Мамандардың айтуынша, зауытта тікұшақтарды құрастыру жұмысының көлемі ұлғайып келеді. Болашақта кәсіпорын динамикалық жүйелер мен редукторларды құрастырып, радионавигациялы құрыл-жабдықтарды, артқы антенналар, авионика жүйелері мен электр өткізгіштерді орнатуды жоспарлауда. Алдағы 6 жылдың ішінде өнімді оқшаулау жұмысын 30 пайызға жеткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» техниктер мен ұшқыштарды ТМД және Орта Азия аймағында ағылшын және орыс тілдерінде оқыту ісін жүзеге асырады.
Қазақстан мен Орта Азия аймағында ұшу және техникалық құрамды оқыту орталығы ЕС 145 тікұшағында техниктер, авиониктер мен ұшқыштарды орыс тілінде дайындайтын әлемдегі жалғыз орталық болып саналады.
Халықаралық «KADEX-2014» қару –жарақ пен әскери – техникалық мүлік көрмесі қазақстандық тұтынушымен қатар, шетелдік тұтынушыға да өз өнімін таныстыруға мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн. Аталмыш көрме 22-25 мамыр аралығында Астанада өтеді.
Камила Амирова
Фото-Азамат Алиев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады