• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылдың 3 айының ішінде Қазақстанда 14 мыңға жуық адамның жүрегіне ота жасалды – ДСМ

2014 жылдың 3 айының ішінде Қазақстанда 14 мыңға жуық адамның жүрегіне ота жасалды – ДСМ

13 Мамыр, 2014 11:27
Еліміздің медициналық ұйымдарында ағымдағы жылдың 3 айы ішінде 13752 кардиохирургиялық операция жасалды, оның ішінде 2558 отаны дәрігерлер ашық жүрекке жасаған.

Жоғары технологиялық медициналық көмектің мұндай түрі республика өңірлерінде белсенді түрде дами бастады. Айталық, ашық жүрекке атқарылған барлық операциялардың жартысынан астамы (54%) өңірлік клиникалардың үлесіне тиеді, деп Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.

Аталған мерзім ішінде туа біткен жүрек ақауы бар балаларға мұндай 562 күрделі операция жасалды.

 

Барлық жаңалықтар