- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада балаларға арналған ғаламтор қауіпсіздігінің проблемалары талқылануда
Астанада балаларға арналған ғаламтор қауіпсіздігінің проблемалары талқылануда
«Қазіргі заманның балалары мен жастары сандық ұрпақ болып табылады. Олар өздерін кибер кеңістікте алаңсыз сезініп, жаңа технологияларды дер кезінде танып отырады. Балаларға қатысты осынау өзгерістерге оқытушылар мен мектептер қаншалықты дайын? Балалардың сандық кеңістікті игеруін бақылауға дайын ба?», - деген сауалдар төңірегіндегі пікірлер талқыланды.
Осы салада жүргізілген зерттеулер қорытындысы көрсеткендей, балалар ғаламтор жайлы мәліметтерді ата-аналарынан артық біледі. Балаларды қажетсіз контенттерден сақтаудың бірнеше әдістері де жоқ емес.
Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін келіп түскен хаттамалардың барлығы шешілу үстінде.
«Өткен жылы біз 329 ақпараттық материал жарияладық, өткен жылы халықаралық ақпараттық білім беру орталығының ұйымына қосылдық. 612 онлайн-хат келіп түсті, 126-сы АҚББО бойынша балалар порнографиясын жариялау бойынша келіп түсті», - деді Ш. Сабиров.
Дөңгелек үстел барысында ғаламторда өсіп келе жатқан балаларға, жалпы кейінгі толқынның қауіпсіздігінің негіздері, Google компаниясының қауіпсіздік құралы мен ұстаздар мен ата-аналардың балаларды ғаламторда қауіпсіздікті ұстай білу тұрғысынан түрлі ұсыныстары және балалар мен өскелең ұрпақта сандық хабардарлықты құру мен арттыру бойынша ұстаздар мен ата-аналарға арналған оқыту бағдарламалары мәселелері айтылды.
Шараға мемлкеттік орган өкілдері, соның ішінде балалардың құқын қорғау саласындағы құзіретті органдар, құқық қорғау органдары, сонымен қатар сараптамалық қауымдастық, кәсіпкерлік топ, байланыс операторлары, хостинг-провайдерлер, атақты қазақстандық ғаламтор ресурс иелері, балалар құқын қорғаумен айналысатын қоғамдық бірлестіктер қатысуда.
Айта кету керек, шара ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен Қазақстанның Ғаламтор Қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылды.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды