- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат инновациялық кластер бойынша заң жобасына өзгерістер енгізу туралы ұсынысты қарады (ФОТО)
Сенат инновациялық кластер бойынша заң жобасына өзгерістер енгізу туралы ұсынысты қарады (ФОТО)
«Заң жобасының мақсаты «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының нормаларына сай кейбір заңнамалық актілерінің қағидасын келтіру болып табылады. Осы орайда «салық және өзге де бюджетке міндетті төлемдер туралы» Кодекс, Бюджет кодексіне, Жер жән Азаматтық кодекске тиісті түзтулер енгізу қарастырылады және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Индустриялды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңдарға өзгерістер енгізілмек.
Атап айтар болсақ, өзгерістер мен толықтырулар төмендегілерге қатысты: акционерлік қоғамдарды автономды кластерлік қор ретінде қайта құру, басқарушы компанияларға беру, екінші рет қолдануда жер телімдерін арнайы экономикалық аймақтар қорына автономды кластерлерді беру, автономды кластерлік қорға мемлекеттік міндеттемені анықтау, Қор қызметін қаржыландыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бойынша автономды білім беру ұйымы, автономды кластерлік қорға аударуға қатысты жер қойнауын игерушілер шығынынан салық есептеу жатады.
«Аталмыш заң жобасын жасақтау барысында, халықаралық тәжірибелер мен заңдар, инновациялық кластерлердің дамуы, бірқатар табысты арнайы экономикалық аймақтар, зерттеу үшбұрышы, жоғары технологиялар паркі, француздар мен оңтүстік кореялықтардың технологиялық парктері сарапталып, зеттелді», - деп ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Ерлан Сағадиев ағынан жарылды.
Оның пайымынша, барлық табысты инновациялық кластерлердің арасында ұқсастық басым.
«Біріншіден, олар инновациялақ кластер өнімін көп тұтынатын аймақтарда орналасқан ғылыми-зерттеу институттары. Екіншіден, жаңа ұйымдастыру-құқықтық формасы - автономиялы кластерлі қор. Үшіншіден, инновациялық кластер түсінігі енгізіліп, инновациялық кластерді басқарудың жаңа құрылымы қарастырылған. Төртіншіден, Елбасының тапсырмасымен заңжобасында мақсатты қор құру қарастырылған», - деп ол өз ойын толықтырды.
Мадина Нұрбекова
Фото-Азамат Алиев
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы