• Басты
  • 855 адвокат пен 674 заң консультанты онлайн режимінде заң көмегін ұсынуға дайын
19 Мамыр, 2020 11:01

855 адвокат пен 674 заң консультанты онлайн режимінде заң көмегін ұсынуға дайын

«Е–Заңкөмегі»  заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі - бұл әрбір азамат үйден шықпай-ақ, мүлдем тегін білікті заң көмегін ала алатын құрал, деп хабарлады Stratergy2050.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сілтеме жасай отырып.



855 адвокат пен 674 заң консультанты онлайн режимінде заң көмегін ұсынуға дайын

 Адвокаттар мен заң консультанттары өз кезегінде сот процесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді тексерудің заманауи құралдарын алады. Бұдан басқа, жүйе дәлелдемелерді жинау процесін тездетуге мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарымен өзара іс-қимылды жеңілдетеді.

«Е-Заң көмегі» бірыңғай ақпараттық жүйесі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өз күшімен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңын орындау мақсатында әзірленді» - деп түсіндірді «ҰАТ»АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес әркімнің азаматтық, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізу барысында білікті заң көмегін алуға құқылы. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін негізде құқықтық ақпараттандыру түрінде алу құқығынабарлық жеке және заңды тұлғалар ие.

Барлық жаңалықтар
3.219.31.204, 192.168.88.100