Астана саябағында биіктен шолу дөңгелегі бой көтереді

12 Мамыр, 2014 16:43
Қазір астаналық саябақта жөндеу жұмыстары жанданған. Барлық жобаларды ағымдағы жылдың Қала күніне дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Саябаққа бұрынғымен салыстырғанда диаметрі әлдеқайда үлкен көзбен шолу дөңгелегі орнатылады, деп Астана қаласының әкімдігінде хабарлады.

Қазіргі уақытта онда 12 аттракцион бар. Ақауларды тексеру барысында, оның 5-ің қызмет көрсету мерзімі жеткендіктен бөлшектеуге жіберілді, ал қалған 7-еуі қайта қалыпқа келтірілетін болды.

Сонымен қатар, кішкентай астаналықтарға арналған жаңа балалар алаңы, көпатқарымдық кешендер мен спорттық жаттығу құрылғылары орнатылады.

«Сондай-ақ, жүгіруге және шаңғыға арналған ыңғайлы заманауи спорттық жаттығу құрылғылары қойылады. Астанада жазғы маусым өте қысқа, сондықтан біз жазғы демалыс кезінде қала тұрғындары мен қонақтары әсерлі дем алу үшін қалалық саябақты көркейтуге міндеттіміз», - дейді Басқарма қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетейік, саябақ 6 бөлікке бөлінген: жағажай, орталық серуенкөше, іші өрнекпен безендірілген 5 үңгір құрылысы, құрғақ субұрқақ және олимпиадашылар алаңы.

Барлық жаңалықтар